Ақтөбе облысы · Қазақстан
1928 жылдан бері
Жем-Сағыз қалың жұртым жайлаған жер,
Мыңғыртып төрт түлік мал айдаған жер!
Қаптаса таудай нарлар, сәйгүліктер,
Қойлары семіздіктен шайлаған жер!
— Бәкір Тәжібаев
Байғанин ауданы — Ақтөбе облысының ең көне аудандарының бірі. Өңірде ежелден Адай-Табын болысы деген атаумен белгілі.
Адай-Табын ауданы — 1921 жылдың наурызынан 1922 жылдың қыркүйегіне дейін, 1923 жылдың наурызы мен шілдесі аралығында болған Қырғыз АССР-ның Адай уезінің әкімшілік бөлінісінің бірлігі.
Адай-Табын ауданы Адай уезі құрамында 1921 жылғы 3 наурызда құрылған. Ауданға 11: 1-Адай, 2-Адай, 3-Адай, 4-Адай, 5-Адай, 1-Табын, 2-Табын, 3-Табын, 4-Табын, 5-Табын, 6-Табын болыстары кірген.
1922 жылы 9 қыркүйекте аудан тараған, болыстар Адай уезінің тікелей қарамағына берілген.
1923 жылы 20 наурызда Адай-Табын ауданы қайта құрылған. Оған 9: 1-Адай, 2-Адай, 3-Адай, Доңызтау, Ақкел, Саматай, Тайсойған, Сағыз, Ұлысам, Шилі-Сағыз, Жем-Сағыз болыстары кірген.
1923 жылы 5 шілдеде Адай-Табын ауданы қайтадан таралып, болыстар тікелей Адай уезіне берілген.
Байғанин ауданы 1928 жылы құрылып, Табын ауданы болып аталған. Аудан орталығы Жарқамыс селосы болды.
1940 жылдан бері аудан белгілі қазақ ақыны Нұрпейіс Байғаниннің есімімен аталды.
1963–1965 жылдары аудан Темір аудандық аумақтық басқарманың құрамында болды, 1965 жылдың қаңтарынан бастап аудан дербес мәртебесін алды.
Аудан орталығы — Қарауылкелді ауылы (2006 ж. 12 желтоқсан, №416/324 бірлескен шешім).
Бүгінгі таңда аудан 9 ауылдық округтен тұрады.
Байғанин ауданы · Тарихи мұра
Байғанин ауданы — далалық өркениеттің іздері сақталған қасиетті жер.
Тұлғаны басыңыз — өмірбаяны мен шығармалары ашылады
Бөлім толықтырылып жатыр